Садыбек
Е.Қ.
Керімқұлова
Д.Т.
050509 Қаржы,
050508
Бухгалтерлік
есеп, 050506
Менеджмент,
050507
Экономика, 050510
МЖБ, 050511
Маркетинг
мамандықтарының
студенттеріне
«Экономикалық
теория»
пәнінен
семинар сабағын
жүргізуге
арналған
КЕЙСТЕР
ЖИНАҒЫ
Шымкент 2007
Ф.4.7-
008-03
ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ
АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК
ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ
«ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ТЕОРИЯ»
КАФЕДРАСЫ
Садыбек
Е.Қ.
Керімқұлова
Д.Т.
050509 Қаржы,
050508
Бухгалтерлік
есеп, 050506
Менеджмент,
050507
Экономика, 050510
МЖБ, 050511
Маркетинг
мамандықтарының
студенттеріне
«Экономикалық
теория»
пәнінен
семинар сабағын
жүргізуге
арналған
КЕЙСТЕР
ЖИНАҒЫ
Шымкент 2007
ӘӨЖ 330.8. (072)
ББК 65.01 я 73
Құрастырушы:
Е.Қ. Садыбек, аға
оқытушы,
Д.Т. Керімқұлова,
аға оқытушы,
«Экономикалық
теория» пәнінен
семинар сабағын
жүргізуге
арналған
кейстер жинағы.
– Шымкент: ОҚМУ,
2007 ж
Кейстер
жинағы
«Экономикалық
теория» пәнінің
бағдарламасы
мен оқу
жоспарының
талаптарына
сәйкес құрылған
және кейсті жүргізудің
әдістемесі
берілген.
Аталған
кейстер жинағы
050509 Қаржы, 050508
Бухгалтерлік
есеп, 050506
Менеджмент, 050507
Экономика, 050510
МЖБ, 050511 Маркетинг
мамандықтары
студенттерніне
арналған.
Кейстер
жинағында
«Экономикалық
теория»
курсының
семинар сабағының
тақырыптары
бойынша әр түрлі
жағдайлар, мәселелік
сұрақтар, әдебиеттер
тізімі және
кейсті жүргізу
әдістемесі қарастырылған.
Сарапшы: Ш.С.
Бекибаева,э.ғ.к.профессор,
«Экономикалық
теория»
кафедрасының
(хаттама № «__»_______2007
ж.),
«Экономика және
қаржы»
факультетінің әдістемелік
кеңесінің мәжілістерінде
талқыланып,
баспаға ұсынылды
(хаттама № «__»_______2007
ж.)
М. Әуезов
атындағы ОҚМУ
– нің Ғылыми-әдістемелік
кеңесінде
баспаға ұсынылды
(хаттама № ____ «___»__________
2007ж.)
©
М.Әуезов
атындағы ОҢТҮСТІК
ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ,
2007ж.
КІРІСПЕ
Қазіргі
уақытта
республиканың
көптеген жоғарғы
орындарында
студенттердің
оқу-танымдық қызметтерін
жандандыру
мақсатында оқытудың
бірқатар жаңа
инновациялық
технологиялары
пайдаланылуда.
Студенттердің
өз бетінше
білім алу үрдісін
дамытуды және
оған
педагогикалық
тұрғыдан шығармашылық
бағытта
жетекшілік
жасауды
тиімді
негізде жүргізуге
мүмкіндік
беретін қарқынды
білім беру
технологияларының
бірі кейс
әдісі болып
есептеледі.
Оқыту
процесіндегі
педагогикалық
процесс бұл үнемі
берілетін ақпараттарды
жеткізу түрлерін
жетілдіру, оқу-танымдық
процесті ұйымдастыру,
студенттердің
қызығушылықтарын
арттыруға бағытталған
іс әрекеттерді
беруді талап
етеді.
Кейс әдісі оқытушының
педогогикалық
басшылығы
мен
студенттің өз
бетінше
инициативасын,
шығармашылығын
ұштастыратын
интенсивті
білім беру
технологиясы
болып
табылады.
Кейстер бұл –
практикалық
проблеманы
студенттердің
білесіп
немесе жеке
шешім қабылдайтын
оқу
материалы
болып
табылады. «Кейс» сөзі
ағылшын
тілінен
аударғанда
«жағдай, іс»
деген ұғымды
білдіреді.
Кейс оқу дағдысын
жетілдіруге,
теориялық
материалды
пысықтауға,
практикалық
дағды қалыптастыруға,
басқарушылық
шешім қабылдауға
жағдай
жасайды және
көмектеседі.
Кейстерді таңдау
оның
педогогикалық
роліне, оқу
процесіндегі
орналасуына,
оның көмегімен
шешілетін мақсаттар
мен
тапсырмаларға,
онымен жұмыс
жасау ұзақтығына,
оынң күрделігіне,
кәсіби тәжірибелігіне,
кейспен жұмыс
жасау тәжірибелігіне,
оқытудың
техникалық құралдарын
қолдануға тәуелді
болып
табылады.
Кейс әдісі
немесе нақты
жағдай әдісі шет
елдерде
экономика және
бизнес ғылымдарын
оқытуда кеңінен
орын алады.
Кейс немесе
кейс әдісі ХХ
ғасырдың
басында АҚШ-тың
Гарвард
университетінің
бизнес
мектебінде заңгерлерді
дайындау процесінде
пайда болды. Әдістің
негізгі
ерекшелігі бұл
іскерлік
немесе заңгерлік
пркатикада
орын алған жағдайларды
студенттердің
мұқият
зерттеуі
болып
табылады. 1910
жылы профессор
Копленд
алғаш рет
осындай
студенттердің
зерттеуінен өткен
тәжірибені қолданды.
Ал алғашқы нақты
жағдайлар
жинағы осы
жерде шығарылды.
Содан бері
Гарвардтық
бизнес
мектебі
лидер
ретінде және
нақты жағдайлардың
әдісін басты
уағыздаушысы
болып
табылады. Өткен
ғасырдың
ортасында нақты
жағдайлардың
әдісі нақты
технологиялық
алгоритмге ие
болып, тек
американдық
емес, сонымен
қатар
батысеуропалық
елдер білім
беру жүйесінде
белсенді өріс
ала бастады.
Кейс әдісі соңғы
уақытта
медицинада,
юриспруденцияда,
математикада,
мәдениет
тануда, тарих
пен
теориятануда
кеңінен қолданыла
бастады.
Ресейде кейс
педогогтар
мен әдіскерлерге
қарағанда ақпараттық
және мәліметтер
базасының жүйелерін
өңдеушілерге
өте әйгілі және
олар осы әдіспен
жиі жұмыстар
жүргізеді.
Ұқыпты құрастырылған
кейс
студенттердің
болашақта
кездесуі мүмкін
проблеманы өз
ьетінше
талдап, дұрыс
шешім қабылдауына
көмектеседі.
Бұдан басқа
кейстер жағдайды
аналитикалық,
зерттеушілік
дағдыны қалыптастырып,
стратегияны
жоспарлауға,
басқарушылық
шешімдер қабылдауға
септігін
тигізеді.
Жақсы
кейс төмендегі
талаптарды
орындауы қажет:
·
Нақты қойылған
мақсатқа сәйкес
болуы қажет:
·
Күрделігі
әр түрлі деңгейде
болуы қажет;
·
Нақты өмірдің
бірнеше
аспектілерін
суреттеуі қажет;
·
Тым жедел
ескірмеуі
тиіс;
·
Ұлттық
сипатта
болуы қажет;
·
Аналитикалық
ойлануды
жетілдіруге
көмектесуі қажет;
·
Дискуссияны
қызықтыруы керек:
Жаңа
кейстердің 5
негізі кезеңін
бөліп қарастыруға
болады, оның
ішінде: кейс көзін
іздеу, кейс үшін
мәліметтер
жинау, кейс
мазмұнын ашу,
аудиторияларда
кейстерді
сынау, кейстің
өмірлік
циклы.
Кейбір
авторлар оның
«далалық»
(нақты өмірдің
мысалдарына
негізделген),
«креслолық»
(автордың
ойынан құрастырылған),
«Американдық»
(өте ұзақ) және
«Батыс
Еуропалық» (қысқа)
түрлерін
жіктеп көрсетеді.
Кейс әр түрлі
формада ұсынылуы
мүмкін, бір
бетте
бірнеше сөйлемнен
немесе
бірнеше
беттерден тұруы
мүмкін. Бірақ,
ұзақ кейстер
студенттерді
жалықтырып,
алғаш рет жұмыс
істеуінде
кедергілерге
келтіруін есте
сақтау қажет.
Кейс бір ұйымның
ішіндегі бір
жағдайды
немесе көптеген
жылдардағы
бірнеше ұйымдарды
сипаттауы мүмкін.
Әдістің
артықшылығы:
·
Теорияны
нақты жағдаймен
ұштастырады
·
Басқа пәндерге
қарағанда
студенттердің
дәл осы пәнге
қызығушылығын
тудырады
·
Білімді,
тәжірибені, ақпараттарды
талдауды, өңдеуді
жүзеге асыруға
көмектеседі:
Кейсті ұсыну
түрлері:
баспа,
мультимедиа,
бейне түрінде.
Кейсті ұсынудың
стандартты түрі
немесе
талабы жоқ, әдетте
ол басылым түрінде
ұсынылады,
егер оған
сурет,
диаграмма,
кестелер қосатын
болсақ онды
ол
студенттер үшін
тартымды әрі қызықты
болады. Соңғы
уақытта
мультимедиалық
презентация
атақты болып
келеді.
Кейстің
мазмұнына қарай
типтері: талдау
мен бағалауға
үйрететін
кейстер,
проблеманы
шешу немесе шешім
қабылдауға үйрететін
кейстер,
проблеманы,
шешімді немесе
толық
концепцияны
суреттейтін
кейстер.
Кейспен
жұмыс жүргізу
кезінде оқытушы
үш түрлі
стратегияны ұстануы
мүмкін, олар:
1. Оқытушы
қосымша сұрақтар
мен ақпараттар
бере отырып
студенттердідұрыс
шешім табуға
итермелейді;
2. Нақты
бір жағдайларда
оқытушының өзі
жауап береді;
3. Оқытушы
әлде кім
проблеманы
шешіп жатқан
кезде ештеңе
істемейді.
Сонымен
қатар, оқытушы
оқу жағдайы жүріп
жатқан кезде
белсенді
немесе енжар
роль ойнайды,
ал кейде оның
талқылануына
қатысады
немесе пікір
талас қортындысын
күтіп
отырады.
Кейсті талқылау
барысында оқытушы
өз көзқарасын
айта отырып,
оның жағдайындағы
әлсіз жақтарды
студенттерден
сұрауына
болады.
Кейсті бағалау
кезінде әр түрлі
деңгей
бойынша бағалайды,
себебі сол мәселені
талдауға
барлық
студенттер өз
үлестерін қосуға
тырысады.
Сонымен қатар,
топтардың
пікірін
біреуінікін
дұрыс,
екіншісін дұрыс
емес деп тану
ол әділ емес.
Сондықтан,
кез келген
жауапты бағлау
студенттердің
осы пәнге
деген қызығушылығын
арттырады және
келесі жолы
жақсырақ,
белсендірек қатысуына
жағдай
жасайды.
Сонымен,
кейс
дегеніміз бұл
қарапайым мәселе
есеп деп қорытындылауға
болады. Мұнда
тек қана қатысушылар
саны
шектелмеген,
ауызша орындауға
мүмкіндік
бар және
кейсті ұсыныу
әдістері әр түрлі
болып
табылады.
Бұл ұсынылып
отырған
кейстер жинағы
экономикалық
мамандықтағы
студенттерге
«Экономикалық
теория» пәнінен
семинар сабағын
жүргізу
барысында
талқылауға
арналған.
№1
Кейс.
Тақырыбы:
«Сұраныс, ұсыныс
және оның
икемділігі»
Әр
түрлі нұсқалар
бойынша сұраныс
пен ұсыныс
функциялары
берілген:
Нұсқалар
|
Qd Сұраныс
көлемі |
Ұсыныс
көлемі |
|
№1 |
100-11P |
40+4P |
|
№2 |
80-16P |
20+4P |
|
№3 |
50-4P |
10+1P |
|
№4 |
60-6P |
20+2P |
|
№5 |
300-10P |
120+10P |
|
№6 |
240-12P |
60+10P |
|
№7 |
140-25Р |
-40+5Р |
|
№8 |
60-3р |
3Р |
|
№9 |
40-2Р |
-20+4Р |
1. Сұраныс
пен ұсыныс қисықтарын
сызыңыз;
2.
Графикалық
және
аналитикалық
жолмен
тепе-теңдік
баға мен көлемді
анықтаңыз;
3. Өнімнің алғашқы
бірлігі
сатып
алынатын
максималды
бағаны анық-таңыз;
4.
Мемлекеттің өнімнің
бағасын
тепе-теңдік
бағадан 1
бірлікке жоғары
етіп орнатуға
шешім қабылдаса
қандай жағдай
орын алады
(аналити-калық
және
логикалық
жолмен);
5.Егер
мемлекет
берілген
тауарға 2 ақша
бірлігі көлемінде
салық
орнатса
сатыпалушылар
мен өндірушілер
не жоғалтатынын
графикте көрсетіңіз.
Кесте
деректері
бойынша нұсқалар
бойынша нүктелік
және доғалық
икемділікті
есептеңіз:
|
Нұсқалар |
Сұраныс
жә-не ұсыныс
көлемі,дана |
Баға
(Р) теңге |
Табыс
(І) теңге |
Басқа
тауар бағасы,теңге |
Табу
керек |
|
№1 |
Qd1=100 Qd2=120 |
P1=20 P2=18 |
|
|
Edp |
|
№2 |
Qd1=500 Qd2=450 |
P1=10 P2=15 |
|
|
Edp |
|
№3 |
Qd1=50 Qd2=38 |
P1=120 P2=130 |
|
|
Edp |
|
№4 |
Qs1=80 Qs2=100 |
P1=12 P2=14 |
|
|
Esp |
|
№5 |
Qs1=80 Qs2=100 |
P1=5 P2=3 |
|
|
Esp |
|
№6 |
Qd1=20 Qd2=25 |
|
I1=400 I2=480 |
|
Edi |
|
№7 |
Qd1=40 Qd2=30 |
|
I1=500 I2=480 |
|
Edi |
|
№8 |
Qdx1=15 Qdx2=20 |
|
|
Py1=5 Py2=6 |
Edxy |
|
№9 |
Qdx1=4 Qdx2=1 |
|
|
Py1=2 Py2=6 |
Edxy |
1.Cіз
икемділігін
анықтаған
тауарларға
сипаттама
беріңіз (кәдімгі,сапасыз,
алмастырушы,толықтырушы
және т.б.)
№2
Кейс.
Тақырыбы:
Капитал және
инвестиция.
Инвесторға төмендегі
кестеде көрсетілгендей
екі түрлі
жоба
берілген. Оны
инвестор
бірдей параметрлері
бойынша бағалауы
қажет:
|
|
Жетістікке
жеткен жағдайдағы
табыс |
Жетістік
болмаға жағдайдағы
табыс |
|
№1
жоба |
2100 |
5100 |
|
№2
жоба |
1510 |
1100 |
Егер
инвесторда
жобаның мүмкін
болатын
максималды
табысы қызықтырса,
онда ол №1-ші
жобаны талдайды.
Бірақ, бұл жағдайда
жолы болмаса
төменгі
табыспен
шектелуге тәуекелденеді.
Егер
екінші жоба
таңдалса,
онда
инвестор үлкен
потенциалды
табыстан бас
тартуға
дайын болып,
жолы болмаған
жағдайда өзін
сақтауды ғана
ойлайды.
Сөйтіп,
инвесторды үлкен
табыстар қызықтырмайды,
табыстың төмен
болуы да
ойландырмайды,
тек өзге ақпараттар
болмаған
кезде екі
жоба да
бірдей құндылықта
деп бағалайтын
болады.
Нақты
жағдайға қойылатын
сұрақтар:
1. Екеуінің
қортындысының
ықтималдылықтары
қандай?
2. Инвестор
қай жобаны
іске асыруы қажет?
3. Қай
жаба
инвесторға
тиімсіз және
неліктен?
«Топпен жұмыс
істеу» түрінде
өткізудің әдістемесі:
1. Студенттер
өз бетінше мәтінде
3 рет оқиды
2. Студенттерді
3-4 шағын
топтарға бөлу
қажет
3. Әр
шағын топтағы
студенттердің
жағдайды
талдауы
4. Шағын
топтар өкілдері
өз «әріптестерінің»
көз қарасын қорғайды
5. Оқытушы
жауаптарды
талдай
отырып, қорытынды
жасайды.
№3 Кейс.
Тақырыбы:
«Өндірістік
шығындар және
пайда»
Қазақстан
Республикасының
2005-2006 жылғы шәкіртақысы
орташа
есепппен алғанда
– 6500 теңге. Ал, 1997-2000
жылдары бұл көрсеткіш
2-3 есе, яғни 1500-2000
теңге
болатын. Қазақстан
Республикасының
экономикалық
жағдайының
жоғарылағандығының
нәтижесінде
көптеген оңды
өзгерістер
орын алды. Әсіресе,
медицина,
банк ісі,
экономика,
білім беру
ісінде көп оңтайлы
өзгерістер
орын алды. Ел
президентінің
2005 жылғы халыққа
Жолдауының нәтижесінде
барлық
мемлекеттік қызметкерлер
жалақысы 32%-ға өсті,
соның ішінде
студенттер шәкіртақысы
да өсті. Сәйкесінше
экономикада
инфляция
орын алды. Сонымен
қатар,
студенттердің
қалалық көлікте
жеңілдікпен
жүретін
билеттері
алынып
тасталды. Және
маршруттық
таксилердің
жүру
билеттерінің
бағасы артты.
Нақты жағдайға
қойылатын сұрақтар:
1. Студент
шәкіртақыны
жолға қалай
жаратуы тиіс?
2. Қалалық
көліктің қандай
түрімен жүрген
тиімді болар
еді?
№4
Кейс.
Тақырыбы:
«Ауылшаруашылығындағы
нарықтық қатнастардың
ерекшеліктері»
1997
жылы көптеген
елдер мен
мемлекеттерде
күннің күрт
суытуынан
барлық
жеміс-жидектер,
дәнді дақылдар
үсікке
шалынды. Тек қана
Қазақстанның
оңтүстік өңірінде
олар біршама
сақталып қалды.
Дәл осы кезде
Германияда құс тұмауы
вирусынан көптеген
құстар қырылып
жатты.
Және де бұл
эпидемия дүние
жүзіне тарап,
адам өміріне қауіп
төндірді. Оны
жою үшін грек
жаңғағының қабыршағы
өте қажет
болды.
Сонымен
бірге Түркияда
осы жаңғақтың
майына сұраныс
өте жоғары
болды.
Себебі,
«Хаят» ғылыми
бірлестігі
одан
дайындалатын
қоспадан
адамның өмірін
сақтап қалатын,
әрі арзан тұратын
препарат
жасап шығарады.
Түркияда
осындай
аурудың
алдын алмаса,
дүние жүзі
халықтарына
осы ауру
тарау қаупі тұрды.
Оны Халықаралық
саудаға шығаратын
тек Қазақстан
болып отыр.
Нақты жағдайға
қойылатын сұрақтар:
1. Бұл
жағдайда не
істеу қажет?
2. Қазақстан
қандай шешім қабылдауы
тиіс?
Осы
дағдарыстан
шығатын басқа
да нұқалар
бар ма?
№5
Кейс.
Тақырыбы: «Ұлттық
экономика жүйе
ретінде»
Мәселелік
жағдай:
экономика
келесі мәліметтермен
берілген:
|
|
Есепшот
|
Млрд.теңге |
|
1. |
Жалпы
жеке
инвестициялар |
75 |
|
2. |
Несиенің
пайызы |
15 |
|
3. |
Жалақы |
315 |
|
4. |
Корпорация
пайдасы |
225 |
|
5. |
Жанама
салықтар |
45 |
|
6. |
Ренталық
төлемдер |
40 |
|
7. |
Корпорация
пайдасына
салық |
60 |
|
8. |
Таза
экспорт |
15 |
|
9. |
Тауар
мен қызметтерді
мемлекеттік
сатып
алулар |
80 |
|
10. |
Таза
жеке
инвестициялар |
65 |
|
11. |
Жеке
меншіктен түсетін
табыс |
22 |
|
12. |
Мемлекеттік
кәсіпорынға
таза
субсидиялар |
4 |
|
13. |
Халыққа
төленетін
трансферттік
төлемдер |
33 |
|
14. |
Тұтыну
шығындары |
498 |
|
15. |
Әлеуметтік
сақтандыру
жарналары |
15 |
|
16. |
Жеке
табыс салығы |
10 |
Кестеде
берілген мәлімет
бойынша
мыналарды
есептеңдер:
А)
Табыстар ағыны
бойынша ЖҰӨ көлемін;
Ә) Шығындар
ағыны
бойынша ЖҰӨ көлемін;
Б) ТҰӨ;ҰТ;ЖТ;ЖҚТ
көлемін анықтаңдар.
Тақырыпты
ашу және өткізу
әдістемесі
топтық сипатқа
негізделген.
Кейсті
орындау үшін
топ
студенттері
екі командаға
бөлінеді. Әрбір
команда кейс
бойынша
дайындалған
тапсырмалар
мен
таратылатын
көрнекілік
материалдарды
алады.
Материалдармен
танысқаннан
кейін әр
команда ұлттық
есепшот жүйесіндегі
макроэкономикалық
көрсеткіштерді
анықтайды:
I-команда -- ЖҰӨ
көлемін табыстар
ағыны
бойынша
шешеді; II-
команда – ЖҰӨ
көлемін шығындар
ағыны
бойынша
есептейді. Нәтижесінде
табыстар
бойынша да,
шығындар
бойынша да ЖҰӨ
көлемі
бірдей болуы
керек. Олай
болмаған жағдайда
әр команда
бір-бірінің қатесін
анықтауы
тиіс. Сосын әр
команда уақытқа
ТҰӨ;ҰТ;ЖТ;ЖҚТ
көлемін анықтауы
тиіс. Ең
бірінші шығарған
команда сәйкесінше
жоғары балл
алады. Есепті
шығаруға 20-25
минут
беріледі.Содан
кейін екі
командада
кезек-кезек ЖҰӨ
мен ЖІӨ-ді
есептеудің мәселелеріне
ауызша жауап
береді.
Тапсырманы
орындауда
белсенділік
көрсеткен,
берген
жауаптары нақтылы
әрі айқын және
дұрыс болған
студенттерге
2-3 балдан
беріледі. Ал,
тапсырманы
орындауға қатыспаған
немесе селқостық
танытқан
студенттерге
бал
берілмейді
№6
Кейс.
Тақырыбы: «Жұмыссыздық
және
инфляция»
Мәселелік
жағдай: Қазақстан
Республикасындағы
жұмыссыздық
пен
инфляцияны төмендету
макроэкономикалық
реттеудің
басты мақсаты
болып
табылады.
Пікір
талас
тапсырмалары:
1.
ҚР-ғы
жұмыссыздықпен
күрес;
2.
ҚР Үкіметінің
инфляцияны төмендету
жолдары;
Тақырыпты
ашу және өткізу
әдістемесі
топтық сипатқа
негізделген.
Кейсті
орындау үшін
топ
студенттері
екі командаға
бөлінеді. Әрбір
команда үш-төрт
адамнан құралуы
тиіс. Олар кейс
бойынша
дайындалған
тапсырмалар
мен
таратылатын
көрнекілік
материалдарды
алады.
Материалдармен
танысқаннан
кейін әр
команда өз ұстанымын таңдайды:
I-команда –
Оппозиция, II-
команда – Үкімет,
ал қалғаны-
халық немесе
бағалаушы көрермендер
болады. Бір
адам спикер,
яғни
пікір-таласты
жүргізуші
болуы қажет
(оқытушының өзі
болса да
болады).
Әрбір
команда ең
алдымен, өздерінің
таңдаған ұстанымы
(оппозиция
немесе үкімет)
бойынша
баяндама
жасауы тиіс
(оған 3-5 минут
беріледі).
Тапсырмаларды
орындау
кезінде әрбір
командадан өз
командасы-ның
шешімін ортаға
салып, түсіндіру
үшін бір
студент
сайланады.
Оның жауабы
жазбаша түрде
көрсетілуі
тиіс және де
талдау
кезіндегі
студенттің
ауызша
жауаптары нақтылы,
үйлесімді және
жинақы болуы
тиіс.Әр
команданың
баяндамасы
тыңдалынып
болған соң,
ондағы
келісетін және
келіспейтін
жақтарына тоқталуы
тиіс. Бір
адам
секундант
болып уақытты
шектеп
отырады.
Тапсырманы
орындау кезінде
екі команда
да қойылған сұрақтарға
жеке-дара, өздерінің
таңдаған ұстанымы
(оппозиция
немесе үкімет)
бойынша
пікір-талас жүргізіп,
кезек –кезек
жауап береді.
Әр сұраққа
жауап беру үшін
командаларға
5-10 минуттан
беріледі.
Барлық сұрақтарға
жауап
берілгеннен
кейін әр
команда өздерінің
тұжырымдамаларын
ортаға салып,
талдауға
салады. Әр
команда өз
пікірінің дұрыстығына
айғақтар
келтірулері
керек және де
оларды дәлелдеулері
тиіс. Соңында
пікір-таласқа
қатыспаған
студенттер
тақырып
бойынша және қатысушылардың
пікірі
бойынша өз
ойларын ортаға
салып, пікір-
таласты бағалайды.
Тапсырманы
орындауда белсенділік
көрсеткен,
берген
жауаптары нақтылы
әрі айқын және
дұрыс болған
студенттерге
2-3 балдан
беріледі. Ал,
тапсырманы
орындауға қатыспаған
немесе селқостық
танытқан
студенттерге
бал
берілмейді.
№7
Кейс.
Тақырыбы:
«Экономикадағы
мемлекеттің
ролі»
Мәселелік
жағдай: Мемлекеттің
қаржы жүйесіндегі
негізгі
орынды
бюджет –салық
саясаты
алады. Ол үкімет
арқылы жүргізіледі.
Мемлекеттік
бюджет деп
мемлекеттің
аппаратын, қорғаныс
күште-рін қаржыландыру
және әлеуметтік-экономикалық
мәселелерін
шешу үшін
мемлекеттің
ақша
ресурстарының
орталықтандырылған
қорын
айтамыз.
Кейстің мақсаты
–
бюджет
–салық
саясаты арқылы
бюджет
тапшылығы деңгейін
мен инфляция қарқынын
төмендету және
тұрақты
экономикалық
өсуге жету.
Тапсырмалар:
1. Шағын және
орта бизнеті
дамытудағы үкіметтің фискалды
саясатының
ролі;
2.Үкіметтің
әлеуметтік
саясатты жүргізуді
жетілдіру
жолдары мен
кедейшілікпен
күрес.
Тақырыпты
ашу және өткізу
әдістемесі
топтық сипатқа
негізделген.
Кейсті
орындау үшін
топ
студенттері
екі командаға
бөлінеді. Әрбір
команда үш-төрт
адамнан құралуы
тиіс. Олар кейс
бойынша
дайындалған
тапсырмалар
мен
таратылатын
көрнекілік
материалдарды
алады.
Материалдармен
танысқаннан
кейін әр
команда өз ұстанымын таңдайды:
I-команда –
Оппозиция, II-
команда – Үкімет,
ал қалғаны-
халық немесе
бағалаушы көрермендер
болады. Бір
адам спикер,
яғни
пікір-таласты
жүргізуші
болуы қажет
(оқытушының өзі
болса да
болады).
Әрбір
команда ең
алдымен, өздерінің
таңдаған ұстанымы
(оппозиция
немесе үкімет)
бойынша
баяндама
жасауы тиіс
(оған 3-5 минут
беріледі).
Тапсырмаларды
орындау кезінде
әрбір
командадан өз
командасының
шешімін ортаға
салып, түсіндіру
үшін бір
студент
сайланады.
Оның жауабы
жазбаша түрде
көрсетілуі
тиіс және де
талдау
кезіндегі
студенттің
ауызша
жауаптары нақтылы,
үйлесімді және
жинақы болуы
тиіс.Әр
команданың
баяндамасы
тыңдалынып
болған соң,
ондағы
келісетін және
келіспейтін
жақтарына тоқталуы
тиіс. Бір
адам
секундант
болып уақытты
шектеп
отырады.
Тапсырманы
орындау кезінде
екі команда
да қойылған сұрақтарға
жеке-дара, өздерінің
таңдаған ұстанымы
(оппозиция
немесе үкімет)
бойынша
пікір-талас жүргізіп,
кезек –кезек
жауап береді.
Әр сұраққа
жауап беру үшін
командаларға
5-10 минуттан
беріледі.
Барлық сұрақтарға
жауап
берілгеннен
кейін әр
команда өздерінің
тұжырымдамаларын
ортаға салып,
талдауға
салады. Әр
команда өз
пікірінің дұрыстығына
айғақтар
келтірулері
керек және де
оларды дәлелдеулері
тиіс. Соңында
пікір-таласқа
қатыспаған
студенттер
тақырып
бойынша және қатысушылардың
пікірі
бойынша өз
ойларын ортаға
салып, пікір-
таласты бағалайды.
Тапсырманы
орындауда
белсенділік
көрсеткен,
берген
жауаптары нақтылы
әрі айқын және
дұрыс болған
студенттерге
2-3 балдан
беріледі. Ал,
тапсырманы
орындауға қатыспаған
немесе селқостық
танытқан
студенттерге
бал
берілмейді.
№8
Кейс.
Тақырыбы:
Ақша-несие
теориясы.
Студенттің
100 доллар ақшасы
бар. Ол оны
жинақтау
немесе
жарату жөнінде
шешім қабылдауы
тиіс. Егер ол
ақшаны
банкке салса,
онда бір
жылдан кейін
110 доллар
алады.
Инфляция
жылына 12 %-ды құрайды.
Анықтау
керек:
А)
номиналды
пайыз мөлшерлемесі
неге тең?
Б) нақты
пайыз мөлшерлемесі
неге тең?
В)
студентке қандай
ақыл айтар
едіңіз?
Г) сіздің
ұсынысыңызға
тұрақты
номиналды
пайыз мөлшерлемесінде
инфляция қарқыны
6 %- дан төмен
болса, онда
ол қалай әсер
етеді?
«Топпен жұмыс
істеу» түрінде
өткізудің әдістемесі:
1. Студенттер
2 топқа бөлінеді.
2. Студенттер
өз
топтарында
келтірілген
жағдайды
талдап, талқылайды.
3. Өкілдер
өз топтарының
пікірін
пікір-сайыста
қорғайды.
4. Оқытушы
тараптардың
көзқарастарына
талдау жасап,
сабақты қортындылайды.
№9 Кейс.
Тақырыбы:
«Мемлекеттің
сытқы
экономикалық
қызметі»
Халқы
тығыз
орналасқан
Шымкент
аудандардың
бірінде
орналасқан
«Визит»
Акционерлік Қоғамының
негізгі өндіріс
көзі –
алкогольсіз
сусындар
болып
табылады. Қазан
айында анықталғандай,
көктемгі, жаз
айларындағы қызу
жұмыстың нәтижесінде
кризистік көлемде 55 тонна қатты
өндіріс қалдықтары
жиналыпты. Қалдықтың
көпшілігі
пластикалық
ыдыстар, қағаз
этикеткалар
және қақпақтардан
тұрады. Кәсіпорынның
қатты өндіріс
қалдықтарын
тастауға
арналған
арнайы
орынның сыйымдылығы
– 60 тонна.
«Визит»
Акционерлік Қоғамының
басшылығының
алдындағы
негізгі мәселе
– «Қандай
жолмен ешқандай
зардаптарсыз
осынша қалдықтан
құтылуға
болады?». Қалдықтарды
утилизациялау
қымбат шара
болып
табылады, дәл
осы кезде кәсіпорынның
басшылығы түскен
пайданың
негізгі бөлігіне
жаңадан өнім
шығаруға
арналған қымбат
тұратын құрал-жабдық
сатып алуға
шешім қабылдады.
Қоқысқа төгейін
десе, Қоршаған
Ортаны Қорғау
басшылықтары
рұқсат
бермейді.
Нақты
жағдайға қойылатын
сұрақтар:
-
қалдықты
утилизациялаудың
оптималды
шешімін табыңыздар;
-
қандай мүмкін
болатын
шешімдер осы
мәселеден мүлдем
құтылуға көмектеседі?
«Топпен жұмыс
істеу» түрінде
өткізудің әдістемесі:
1. Студенттер
өз бетінше мәтінде
3 рет оқиды
2. Студенттерді
3-4 шағын
топтарға бөлу
қажет
3. Әр
шағын топтағы
студенттердің
жағдайды
талдауы
4. Шағын
топтар өкілдері
өз «әріптестерінің»
көз қарасын қорғайды
5. Оқытушы
жауаптарды
талдай
отырып, қорытынды
жасайды.
Пайдаланатын
әдебиеттер
тізімі
|
1 2 3 4 5 6 7 8 9 |
Аубакиров
Я., Ескалиев М.
Экономикалық теория.- Алматы, 1994 Жатканбаев
Е.Б.
Методология
исследования
экономии.
Учеб.
пособие.каз.гос.нац.ун-т.им.Аль-Фараби.Алматы
азак,
Университет!,
1999 Нуреев
Р.М. Основы
экономической
теории. Учеб.для
вузов.-
Москва
Высшая
школа, 1996 Гайнуллин
Ф.Р. Введение
в
экономическую
теорию. Учеб.
пособие.-Алматы,
1997 Мґуленова
С.С.,
Бекмолдин С.Қ.,
Құдайбергенов
Е.Қ.
Экономикалық
теория: Оқу құралы.-Алматы:
Экономика, 2003
Шеденов
У.К., Саµындықов
Е.Н.,
Байжомартов
У.С., Жүнiсов
Б.А., Комягин
Б.И. Жалпы
экономикалық
теория. Проф.
Шеденов У.К.
редакциясымен.
Алматы-Ақтөбе,
2002 Осипов
М. Экономикалық
теория
негiздерi.
-Алматы, 2002 Райымқұлұлы
С.
Экономикалық
теория
негіздері.
Шымкент, ОҚМУ,
2005 ж. |
|
10 |
Борисов
Е.Ф.
Экономическая
теория,
Юрист-М.1997 |
|
11 |
Борисов
Е.Ф., Волков Ф.М.
Основы
экономической
теории. МЛ 1992 |
|
12 |
Блауг
М. Экономическая
мысль в
ретроспективе.
М. 1997 |
|
13 |
Добрынин
А.И.,
Тарасевпч
Л.С.
Экономическая
теория.
Санкт-Петербург,
1999 |
|
14 |
Журавлёв
Г.П. Вводный
курс по
экономической
теории. М. 1997 |
|
15 |
Всемирная
история
экономической
мысли. Вб-ти
т.М. 1987 |
|
16 |
Долан
Э., Линдсей Д.
Рынок:
микроэкономическая
модель.Пер с
анг. СПб. 1992 |
|
17 |
Курс
экономической
теории.
Алматы,
Университет
«Кайнар». 1994 |
|
18 |
Камаев
В.Д. и
коллектив
авторов.
Учебник по основам
экономической
теории. М.
«Владос», 1995 |